Мемлекет басшысының «Ұлттық кітап күнін» белгілеп, аталған мерекені мазмұнды етіп өткізу туралы тапсырмасына сәйкес ,23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып бекітілген еді. Биыл рухани мереке алғаш рет атап өтілді.
Кітап! Кейбір жандар үшін баға жетпес қазына болса,кейбір жандарға жұмбақ әлем болып қала бермек. Кітаптың құдіретін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сол құдіретті кітаптың бізге тигізер пайдасы өте мол. Кітап оқырманның ойлау қабілетін жақсартып,оның сөздік қорын молайтып,жан дүниесін рухани байытады.Кітапқұмар, білімді ,ізденімпаз ұрпақ тәрбиелеу үшін кітап оқу мәдениетін қалыптастыру өте маңызды.